$ 511.18  530.6  5.28

EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Даниямен кездеседі

Ел құрамасы алтыншы топта Армения, Дания және Албаниямен шеберлік байқасады.

Фото: kff.kz
Фото: kff.kz

Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі төртінші ойынын Данияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кездесу елорда уақытымен 19:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Топ жеңімпазы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алғандардың ішінен 8 үздік құрама өтпелі матч ойнайды.

Ел құрамасы бұдан кейін 7 наурызда өз алаңында Албанияны қабылдаса, 12 наурызда Армения құрамасына қонаққа барады.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасы іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында Албанияны 2:0 есебімен жеңіп, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнаса, Даниядан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары