08.02.2025, 13:30

Константин Борцов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Фото: 24kz

Қытайдың Харбин қаласында IX қысқы Азия ойындары өтіп жатыр.

ІХ қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан отандасымыз үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шаңғы жарысынан ерлер арасындағы спринтте қатысқан Ұлттық құрама спортшысы Константин Борцов 2:58.28 секунд уақыт көрсеткішімен қолаға қол жеткізді.

Айта кетейік, Қытайдың Харбин қаласында IX қысқы Азия ойындары өтіп жатыр.