10.02.2025, 11:40

Қазақ боксшылары халықаралық турнирде 8 алтын медаль жеңіп алды

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

71 келіде өнер көрсеткен Нұрбек Мұрсал турнирдің ең үздік боксшысы деген атақты қоса жеңіп алды.

Сербияда бокстан халықаралық «Belgrade Winner» турнирі аяқталды. Қазақстанның ерлер құрамасы бұл жарыстан 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, 62-ші рет ұйымдастырылған халықаралық турнир 4-9 ақпан аралығында өтті. Қазақстан құрамасынан 15 боксшы қатысып, олардың тек екеуі ғана жартылай финалға жетпей, жарысты жеңіліспен аяқтады.

I орын

Нұрғиса Тұрабеков (48 келі) Рамазан Нұрлыбаев (51 келі) Нұрсұлтан Алтынбек (57 келі) Жансері Көшербаев (60 келі) Нұрбек Мұрсал (71 келі) Санжарәлі Бегалиев (75 келі) Дәурен Мамыр (86 келі) Нұрасыл Асылхан (+92 келі)

II орын

Бексұлтан Боранбек (54 келі) Илья Калинин (67 келі) Бақберген Әлиасқаров (75 келі) Ильяр Аширов (80 келі)

III орын

Бекзат Мақжан (63.5 келі)

71 келіде өнер көрсеткен Нұрбек Мұрсал турнирдің ең үздік боксшысы деген атақты қоса жеңіп алды.