10.02.2025, 12:20

Черчесовтың орнына келген Әлиев ұлттық құраманы Түркияда жаттықтырады

Фото: Olympic.kz

Оқу-жаттығу жиыны 10-18 ақпан күндері Түркияның Белек қаласында өтеді.

Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімі анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқу-жаттығу жиыны 10-18 ақпан күндері Түркияның Белек қаласында өтеді. Жиынның негізгі мақсаты ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сондықтан бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңін 22 наурыз күні сырт алаңда Уэльске қарсы ойынмен бастайды. Үш күннен соң Лихтенштейнмен кездесеміз. Екі ойын да сырт алаңда өтеді.