12.02.2025, 23:30

Елена Рыбакина Дохадағы турнирдің ширек финалына шықты

Фото: Jimmie48 Photography, WTA

Матч 1 сағат 24 минутқа созылды.

Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында әлемнің 46-ракеткасы словакиялық Ребекка Шрамкованы 7:6 (7:1), 6:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Матч 1 сағат 24 минутқа созылды.

Рыбакина төрт эйс жасап, екі қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Бұл спортшылардың өзара алғашқы кездесуі болды.

Қазақстандық теннисші енді ширек финалда Ига Швентек (Польша) пен Линда Носкова (Чехия) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.