Бірінші орынды Италия жеңіп алса, Канада екінші болып мәреге жетті.
Италияның Милан қаласында қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы қол жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы
Эстафетада өнер көрсеткен қазақстандық спортшылар жүлдегер атанды. Қола медальді елге Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко және Әділ Ғалияхметов әкелді. Бірінші орынды Италия жеңіп алса, Канада екінші болып мәреге жетті.
Айта кетейік, 2025 жылғы Азия ойындарында қазақстандық шорт-трекшілер алтын медаль жеңіп алған болатын. 5000 метр қашықтықта сырғанаудан отандық шорт-трекшілер 6 минут 59 секунд нәтижемен мәреге жеткен. Осылайша олар бірінші орын алды.