17.02.2025, 18:00

Шавкат Рахмоновты сындыруға бел будым – Белал Мухаммад

Фото: Getty Images

Белал Мухаммад UFC 303 турнирінде Леон Эдвардспен Манчестерде жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

АҚШ-палестиналық файтер Белал Мухаммад UFC 315 турнирінде Шавкат Рахмоновқа қарсылас атануы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол қазақстандық спортшының мықтылығын атап өтіп, алайда оның әлсіз тұстары бар екенін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Шавкат туралы үнемі оның жеңілмеген, мықты жауынгер екенін естимін. Бірақ жекпе-жек барысында оның осал тұстарын байқадым. Дәл солай Леон Эдвардста да кемшіліктер бар. Леон соққы жағынан Шавкаттан жақсырақ деп ойлаймын. Бірақ менталды тұрғыдан Рахмонов күштірек. Мен оның рухын сындыруға бел будым. Қарсылас сенен қорықпайтын адам болса, бәрі басқаша өтеді. Нәтиже белгілі – тағы бір сынған жігіт», – деді Белал Мухаммад.

Белал мен Шавкат UFC 310 турнирінде желтоқсанда кездесуі тиіс болған. Алайда Рахмоновтың қарсыласы инфекция жұқтырып, жекпе-жек өтпей қалды. Оның орнына Иэн Гэрри шығып, Шавкатпен соңғы гонгқа дейін төтеп берген алғашқы файтер атанды.