Лукас Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін бокс кешінде кездесу өткізеді.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Ангелина Лукас (13-1, 6 КО) кезекті жекпе-жегі қарсаңыңда мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетейік, Лукас биылдыққа екі жекпе-жек өткізіп үлгерген. Үшіншісін ол 21 ақпанда жоспарлап отыр.
«21 ақпанда мен қайтадан рингке шығамын. Бұл Еуропадағы ең ірі бокс кеші болмақ. Мен тағы да көк туымызды желбіреткім келеді! Иә, иә, мен Гиннес рекордын жаңартқым келеді!", - деді.
Boxrec.com сайтының мәліметінше, Лукас Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін бокс кешінде кездесу өткізеді. Алайда, оның қарсыласы әлі белгісіз.
Айта кетейік, Лукас жақында тоғыз күн ішінде екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Алдымен. нигериялық Айисат Орийомиді (9-1, 6 КО) нокаутпен жеңсе, одан кейін Венесуэла боксшысы Джоана Суньиганы (18-9-1, 11 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.