Жас қазақстандық теннисші қазір ATP рейтингінде жекелей сында 226-орында, ал жұптық сында 781-орында тұр.
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев алғаш рет жұптық сында "Челленджер" турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Манамада хард төсенішті корттарда ATP Challenger сериясы бойынша өткен турнирде Бебіт Жұқаев украиналық Виталий Сачкомен бірге финалда Беларусь өкілі Иван Лютаревич - франциялық Люка Санчеспен чемпиондық атақты сарапқа салды. Қазақстандық украиналық жұп 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Ақтау теннис мектебінің түлегі алғаш рет жұптық сында челленджер додасында үздік шықты. Бұған дейін Бейбіт Жұқаев Мысыр мен Астанада өткен ITF M25 сериясындағы турнирлерде жұптық сайыстарда жеңіске жеткен. Ал, 2024 жылдың қазан айында ол алғаш рет ATP турнирінің ширек финалына шықты, бұл оның кәсіби мансабындағы маңызды жетістік болды.
Жас қазақстандық теннисші қазір ATP рейтингінде жекелей сында 226-орында, ал жұптық сында 781-орында тұр.