22.02.2025, 21:30

«Қайрат» командасы биылғы суперкубок иегері атанды

Фото: ҚФФ

Бұл – «Қайраттың» үшінші Суперкубогы.

Бүгін, футболдан Қазақстан Суперкубогінің финалында «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары кездесті. Нәтижесінде алматылықтар 2:0 есебімен жеңіске жетіп, кубок иегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ойындағы есеп 58-минутта ашылып, «Қайраттың» бразилиялық легионері Элдер Сантана қарсылас қақпасына гол соқты. Ал 86-минутта Сантана сәтті пас беріп, Громыко ұпайды екіге жеткізді.

Осылайша, Алматылық команда «Ақтөбені» 2:0 есебімен жеңіп, Суперкубокты иеленді. Бұл – «Қайраттың» үшінші Суперкубогы (2016, 2017, 2025).