24.02.2025, 04:30

Отандық конькиші Әлем кубогында алтын жүлдеге қол жеткізді

Фото: Cали Сабиров

Қазақстан соңғы рет Әлем кубогы кезеңінде алтынды 2011 жылы командалық спринтте жеңіп алған еді.

Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.        

Спортшы 500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетті. Оның мәреге жеткен уақыты – 34,52 секунд.

Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді – 34,70 секунд.

Қола медальді польшалық Марек Каниа жеңіп алды – 34,76 секунд.