Қазақ пен өзбек достығы әрқашан мәңгі болсын!
Танымал қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов пен белгілі өзбек боксшысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов кездесті. Олардың кездесу сәтінен кадрлар желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Танымал қазақстандық файтермен түскен фотосын Баходир Джалолов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған.
Ол фото сипаттамасына: "Келесі жекпе-жегіңе сәттілік тілеймін, аға", - деп жазба қалдырған.
Сондай-ақ боксшы Шавкат Рахмоновпен кездесу сәтінен видеоны да бөліскен. Видеодан олардың бірге ас ішіп, әңгіме айтып отырғанын байқауға болады.
Шавкат Рахмонов та Instagram желісіндегі stories бөлімінде Джалоловпен кездескен сәтінен фото жариялаған. Өз кезегінде желі қолданушылары спортшыларға жылы лебіздерін жазып жатыр.
"Екі елдің батырлары", "Қазақ пен өзбек достығы әрқашан мәңгі болсын", "Халықтар достығы", "Өзбек-қазақ жауынгерлері", " Биік белестерден көріне беріңдер ағалар", - деп жазған желі оқырмандары.