$ 501.49  525.71  5.77

Дмитрий Биволдың келесі қарсыласы анықталды

Айта кету керек, Бивол әйгілі мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жеңген екі боксшының бірі. 

Фото: жеке парақшасынан
Фото: жеке парақшасынан

Кәсіпқой бокстан алғашқы ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады. Кешегі апта ол Артур Бетербиевті (21-1, 20 КО) жеңіп, оның барлық белбеуін тартып алған болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кету керек, Бивол әйгілі мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жеңген екі боксшының бірі (алғашқысы – Флойд Мэйвезер). Алдағы уақытта екеуі қарымта матч өткізуі мүмкін екені айтылып жүр.

«Канелодан бөлек, Артур Бетербиев, Дэвид Бенавидес және Каллум Смитті қарастыруға болады. Ол да белбеуге үміткерлердің бірі. Турки Әл аш-Шейх маған алғашқы ауыр салмақта жұдырықтасуды ұсынды. Бұл ұсынысты қарастырамын», - деді Бивол Boxing News ютуб-каналына берген сұхбатында.

Айта кету керек, Турки Әл аш-Шейх Бивол-Бетербиев жекпе-жегінен кейін трилогия болатынын ресми мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары