$ 502.89  527.03  5.71

Ризабек Айтмұхан америкалық әйгілі балуанмен белдеседі

Жалпы PWL турниріне 24 балуан қатысады. 

Фото: Күрес түрлері федерациясы
Фото: Күрес түрлері федерациясы

Бүгін Алатау етегінде әлемнің ең әйгілі балуандарының басын қосқан PWL турнирі өтеді. Боз кілемнің көрігін Ризабек Айтмұқан мен американың әйгілі балуаны, Олимпиада чемпионы Кайл Снейдер қыздырмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жекпе-жек жанкүйерлер үшін ерекше қызықты болары анық. Себебі Ризабек — жас болса да, әлемдік аренада өзін дәлелдеп үлгерген балуан.

Ол 2023 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, қазақ күресінің тарихына есімін алтын әріппен жазды. Өзінің физикалық қуаты мен техникалық шеберлігінің арқасында Айтмұхан алдағы белдесуде лайықты қарсылас болатыны сөзсіз.

Спорт жанкүйерлері тағатсыздана күтіп отырған белдесулер Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сағат Астана уақытымен 19:00–де басталады.

Жалпы PWL турниріне 24 балуан қатысады. Қатысушылар арасында Олимпиаданың төрт чемпионы, әлем чемпиондары және жүлдегерлері бар. Қазақстан атынан 3 балуан күреседі.

Олар:

Ризабек Айтмұқан — Кайл Снайдер (АҚШ)

Азамат Дәулетбеков — Магомедхабиб Кадимагомедов (Беларусь)

Жәмила Бақбергенова — Айпері Медетқызы (Қырғызстан)

Айта кетейік, Кайл Снайдер мен Айк Мнацаканян екі белдесуден өткізеді. Ал, қалған балуандар бір реттен күреседі.

Турнир барысында 11 кездесу болады. Күрес ережесі бойынша әр жұп 6 минуттан белдеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары