25.02.2025, 22:30

Странджа кубогі: Нұрбек Оралбай қарсыласын нокаутпен жеңді

Фото: ҰОК

Отандасымыз француз боксшысымен кездесті.

Париж Олимпиадасының жүлдегері қазақстандық Нұрбек Оралбай Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Странджа кубогінде бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

86 келі салмақта жұдырықтастатын Нұрбек жарысты 1/8 финалдан бастап, ринг қожайыны Мануэль Жечевпен кездесті. 

Екінші раундта Нұрбек қарсыласын есеңгіретіп жіберді, соққының ауырлығынан Жечевтің капасы ұшып кетті. Осыдан кейін жекпе-жек мүлде тоқтатылып, қазақстандық бкосшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.