26.02.2025, 18:40

Қазақстандық теннисші Путинцева әлемдік рейтингте жоғарылады

Фото: ҰОК

Қазір Юлия рейтингте 22-орында.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңартылған тізімде Путинцева бір саты жоғары көтерілді. Қазір Юлия рейтингте 22-орында. Спортшының еншісінде 2138 ұпай бар.

Ал Қазақстанның бірніші нөмірлі ракеткасы Елена Рыбакина тізімде өз орнын сақтап қалыпты. Қазақстандық ару қазір әлемнің жетінші ракеткасы.

Ал әлемнің бірінші нөмірлі спортшысы Белорус аруы Арина Соболенко. Екінші сатыға польшалық Ига Швентек жайғасқан. Ал үздік үштікті АҚШ спортшысы Кокок Гауф түйіндеп тұр.