Спортшының айтуынша, қырғыз азаматы оның құрметіне ұлының есімін қойған.
Танымал қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов Тайландта болған кезінде басынан өткен әсерлі оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Спортшының айтуынша, қырғыз азаматы оның құрметіне ұлының есімін қойған.
«Бүгін маған Қырғызстаннан бір жігіт келіп, ұлына менің құрметіме Найман деп ат қойғанын айтты! Шынымды айтсам, мен сасып қалдым, бірақ бұл маған қатты әсер етті...», – деп жазды спортшы Instagram-да.
28 ақпанда Астанада Қуат Хамитов ресейлік Мариф Пираевпен кәсіпқой бокс ережесі бойынша реванш өткізуі керек еді, алайда жуырда бұл жекпе-жектің болмайтыны белгілі болды.