27.02.2025, 19:00

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Албаниядағы турнирде үш медаль жеңіп алды

Фото: olympic.kz

Мұхаммед Балғабай (61 келі) мен Рустам Мырзағалиев (86 келі) қола жүлде иегері атанды.

Тиранада (Албания) күрестен халықаралық рейтингтік турнир басталды. Бірінші күні қазақстандық еркін күрес шеберлері үш жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

86 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Болат Сақаев күміс жүлдегер атанды. Финалда ол америкалық Чендлер Марстеллерге жол берді.

Ал Мұхаммед Балғабай (61 келі) мен Рустам Мырзағалиев (86 келі) қола жүлде иегері атанды.