02.03.2025, 10:30

Асу Алмабаев UFC-де алғаш рет жеңілді (ВИДЕО)

Фото: UFC

Бес раундқа жоспарланған айқас, үшінші раундтың ортасында аяқталды.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-2-0) UFC-де алғаш рет жеңіліс тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық спортшы Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFCVegas 103 кешінің басты жепе-жегінде португалиялық файтер Манель Капемен (20-7-0) айқасты.

Бес раундқа жоспарланған айқас, үшінші раундтың ортасында аяқталды. Асу қарсыластың ауыр соққысына төтеп бере алмай, октагонды айнала жүгірді. Осы кезде, төреші жекпе-жек аяқталды деп жариялады.