$ 499.11  521.12  5.58

Анна Данилина Мексикадағы ірі жарыстың финалында есе жіберді

Матч тартысты өтіп, 7:6 (7:2), 7:5 есебімен К.Питер — М.Шериф жеңіске жетті.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Мерида (Мексика) WTA 500 турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева финалда Польша өкілі Катажина Питер — мысырлық Маяр Шерифпен шеберлік байқасты.

Матч тартысты өтіп, 7:6 (7:2), 7:5 есебімен К.Питер — М.Шериф жеңіске жетті.

Бір сағат 53 минутқа созылған бәсеке барысында Данилина — Хромачева эйс жасамағанымен, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Шериф — Питер 1 эйс, 5 брейкпен (15 брейк-пойнт) көзге түсті.

Жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асатын додада жекелей сында әлемнің 10-ракеткасы, америкалық Эмма Наварро үздік шықты. Ол рейтингіде 133-орындағы колумбиялық Эмилиана Арангоны тас-талқан етіп жеңді — 6:0, 6:0.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары