$ 496.71  531.33  5.55

Қазақстандық таэквондошылар Болгарияда 14 медаль жеңіп алды

74 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Мақсат Орынбасар Bulgaria Open жарысының жеңімпазы атанды.

Фото: Таэвонда федерациясы
Фото: Таэвонда федерациясы

Болгария астанасы София қаласында таеквондодан Bulgaria Open халықаралық жарысы өз мәресіне жетті. Ересектер арасында Қазақстан командасы 1 алтын, 5 күміс және 8 қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ерлер арасында 74 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Мақсат Орынбасар жарыста қарсылас шақ келтірмей, Bulgaria Open жарысының жеңімпазы атанып, алтын жүлде алды.

Ал күміс жүлдеге Әзірет Дүйсенбек (54 кг), Бектөре Оралхан (58 кг), Батырхан Төлеуғали (80 кг), Нұрлан Мырзабев (87 кг) және Нодира Ахмедова (49 кг) қол жеткізді.

Ал үздік үштіктен көрініп, қолаға қол жеткізген спортшыларымыз — Артур Серік (54 кг), Аманбол Бегімбетов (63 кг), Дамир Шуленов (68 кг), Мерген Ғаниев (80 кг), Нұрай Бауыржанова (49 кг), Айдана Сүндетбай (53 кг), Нұрай Қазынабек (57 кг) және Камила Аймұқашева (62 кг).

Айта кетейік, Есбол Сұлтанов баптайтын Қазақстан құрамасы үшін бұл 2025 жылдағы алғашқы халықаралық жарыс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары