Желіде Қазақстан футбол федерациясының экс-президенті Әділет Барменқұлов пен басқа да бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты тінту және тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат тараған еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты, Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растады.
Бұл туралы бүгін агенттіктің баспасөз қызметі хабар таратты.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, барлық тергеу әрекеттері заңнама талаптарына сай жүргізілуде.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.