10.03.2025, 00:30

«Қайғылы жағдай»: Белгілі футбол клубының мүшесі кенеттен қайтыс болды

Фото: корреспондент

Соның салдарынан «Барселона» – «Осасуна» матчы кейінге шегерілді.

Испания Ла лигасының 27-туры аясында жоспарланған «Барселона» – «Осасуна» арасындағы матч өтпейтін болды. Бұған себеп – каталондық команда дәрігерінің кенеттен қайтыс болуы себеп болып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Матч 8 наурызда кешке өтуі тиіс болған. Алайда, «Барселона» өкілдері ойынды кейінге шегеруді сұрап, мұны командада қайғылы жағдайдың болуымен түсіндірген. Артынша, дәрігердің көз жұмғаны туралы ақпарат клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

– «Барселона» футбол клубы бірінші команданың дәрігері Карлес Миньярро Гарсияның қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды жариялауға мәжбүр. Соның салдарынан «Барселона» – «Осасуна» матчы кейінге шегерілді», - делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, каталондық клуб қазіргі таңда Ли Лиганың көшін бастап келеді. Команда 26 матч өткізіп, 57 ұпай жинаған. «Осасуна» болса 33 ұпаймен 11-сатыда келеді.