$ 495.28  538.32  5.77

EURO-2026: Қазақстан өз тобында екінші орын алды

Кездесу барысында армениялық құрамадан Никита Хромых 7, 14-минуттарда гол соқса, оған қазақстандық Дәурен Тұрсағұлов 16-минутта бір голмен жауап қайырды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Бүгін, 12 наурызда футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алтыншы турда Қазақстан құрамасы сырт алаңда Армениямен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кездесу барысында армениялық құрамадан Никита Хромых 7, 14-минуттарда гол соқса, оған қазақстандық Дәурен Тұрсағұлов 16-минутта бір голмен жауап қайырды.

Екінші кезеңде Никита Хромых 24-минутта хет-триктің авторы атанса, армениялық қақпашы Альберт Агаджанов 28-минутта өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.

Ал Альберт Агаджанов 33-минутта автоголдың авторы атанды.

Осылайша Қазақстан қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберіп, өз тобында екінші орынды місе тұтты.

Топта бірінші орын алған Армения құрлықтық дода финалдық сатысына тікелей шықты.

Қазақстандық футзалшылар 2025 жылдың қыркүйек айында өтетін өтпелі ойындары арқылы жолдамаға таласады.

Айта кетсек, қазірге дейін Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде бес ойын өткізді. Алдымен Албанияны 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары