Ол 1983 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.
14 наурыз - боксшы, Олимпиада чемпионы (2004), Вел Баркер кубогының иегері (2004), Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2005 (69 кг), 2007 (75 кг), Азия ойындарының күміс жүлдегері (2006), Қазақстанның 7 дүркін жеңімпазы, І дәрежелі «Барыс» орденінің (2004), «Дарын» жастар сыйлығының иегері (2004) Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаевтың туған күні, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол 1983 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.
Бокспен 11 жасынан шұғылдана бастаған. Алғашқы әрі жеке бапкері – Нұрлан Ақүрпеков.
Бақтияр 2004 жылы 5-12 мамыр аралығында Пәкстан астанасы Карачи қаласында өткен құрлықтық олимпиада іріктеу бәсекесінде топ жарып, жолдама жеңіп алды. Ал төрт жылдықтың басты додасында жасындай жарқылдады.
1/16 кезеңінде камерундық Вили Бертрана Танке кездесуге шықпаса, 1/8-де түркмен Алиаскер Башировты (33:23), ширек финалда украин Виктор Поляковты жеңді. Ал жартылай финалда танымал ресейлік боксшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері Олег Саитовты ұтқан. Сонымен қоса, ақтық сында Бақтияр екі дүркін әлем чемпионы кубалық Лоренцо Арагоннан айласын асырып, алтын алды. Айта кетейік, Лоренцо араға бір жарым жыл салып қарсыласқа жол берді.
Б.Артаев М.Қ.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің құқықтану, менеджмент, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша, Қазақ спорт және туризм академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның менеджері болып бастап, ҚР ІІМ ішкі әскері спорт командасының аға нұсқаушысы, маманы, бөлім бастығының орынбасары, «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның инженері, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылдық округінің әкімі болып қызмет етті.
2009 жылдан Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған. 2011 жылдың қаңтарында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметіне ауысқан.