$ 495.28  538.32  5.77

Өзбекстандағы этникалық қазақ боксшы Golden Boy промоушенімен келісімшартқа отырды

63,5 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын боксшы Руслан Абдуллаевтың есімі жанкүйер­лерге жақсы таныс.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Өзбекстандық кәсіпқой боксшы, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев аты аңызға айналған Оскар Де Ла Хойя жетекшілік ететін Golden Boy промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

22 жастағы Руслан кәсіпқой мансабында осы уақытқа дейін бір жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен. Ол 7 наурызда Калифорнияда өткен бокс кешінде Хосе Валенсуэла Альварадоны екінші раундта нокаутқа түсірді.

63,5 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын боксшы Руслан Абдуллаевтың есімі жанкүйер­лерге жақсы таныс.

Ол 2002 жылы Өзбекстанда туған. Руслан Абдуллаев – бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының мүшесі, әлем чемпионы (2023), Азия чемпионы (2022), Өзбекстан чемпионы (2021).

Абдуллаев былтыр наурызда Италияда өткен әлемдік лицензиялық турнирдің ширек финалында сербиялық Алексей Сендрикті ұтып, Олимпиада лицензиясын еншіледі. Ол Парижде 63,5 кг салмақта сынға түсті.

Өзбекстанда дүниеге келген дарынды боксшы кезінде Қазақстанның туы астында өнер көрсетуге құлшынып, жастар арасындағы ел біріншілігіне қатысты. Жартылай финалда Сабыржан Ақхалықовтан ұтылып, қола медальді қанағат тұтты. Содан кейін қайта Өзбекстанға оралды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары