14.03.2025, 18:00

Ольга Тихонова шорт-тректен әлем чемпионатында жартылай финалға өтті

Фото: ҰОК

Спортшы 1500 метр қашықтықтағы ширек финалдық сайыста сәтті өнер көрсетті.

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының спортшысы Ольга Тихонова Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спортшы 1500 метр қашықтықтағы ширек финалдық сайыста сәтті өнер көрсетті. Өз жарысында үшінші болып мәре сызығын кескен Тихонова, көрсеткен нәтижесінің арқасында әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.

Ал Алина Әжғалиева жартылай финалға шығу мүмкіндігі үшін жұбаныш кезеңінде сынға түседі.

Айта кетейік, осыған дейін дәл осы қашықтықта Әділ Ғалиахметов жартылай финалға жолдама алған болатын.