Түркияның «Бешикташ» клубында ойнайтын жартылай қорғаушының жарақаты бар.
Жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келіп қосылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
- Ұлттық құраманың ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов қосымша медициналық қаралымнан өтеді. Соның қорытындысы бойынша алдағы ойындарға қатысу-қатыспауы туралы шешім қабылданады, - деп жазылған хабарламада.
Түркияның «Бешикташ» клубында ойнайтын жартылай қорғаушының жарақаты бар. Енді ол қосымша медициналық қаралымнан өтіп, нақты шешім қабылданады.