Хосеп Гвардиола мен жұлдызды ойыншылар – Эрлинг Холанд, Кевин Де Брюйне және Джек Грилиш секілді есімдердің қонақтар қатарында болуы мүмкін.
“Манчестер Сити” қорғаушысы Абдукодир Хусанов сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, оның келісімін алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазіргі таңда қалыңдықтың жеке өміріне қатысты мәліметтер құпия сақталуда. Алайда футболшының үйлену тойының мерзімі белгілі болды. Өзбекстандық қорғаушы АПЛ маусымы аяқталған соң отбасын құруды жоспарлап отыр.
Алдын ала болжам бойынша, салтанатты шара 27 мамырда өтеді. Бұл күн Англия Премьер-лигасының биылғы маусымы аяқталып, «Ситидің» демалысқа шығатын уақытымен тұспа-тұс келеді.
Әзірге Хусанов та, оның өкілдері де тойға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен өзбекстандық БАҚ пен жанкүйерлер бұл маңызды шараға «Сити» сапынан кімдер келетініне қызығушылық танытып отыр. Кейбірі тіпті клубтың бас бапкері Хосеп Гвардиола мен жұлдызды ойыншылар – Эрлинг Холанд, Кевин Де Брюйне және Джек Грилиш секілді есімдердің қонақтар қатарында болуы мүмкін екенін болжап, үміттенуде.