Маман төрт жылдықтың ең үлкен сайысына қатысты ойын айтты.
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Лос-Анджелесте 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарына дайындық туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық құрама Сайдалиннің жетекшілігімен Сербияда өткен әлем чемпионатында үш алтын, екі күміс және бір қоламен жалпы командалық есепте екінші болды.
Маман төрт жылдықтың ең үлкен сайысына қатысты ойын айтты.
"2028 жылғы Олимпиадаға дайындықты бастап кеттік. Әртүрлі құраммен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Бұл болашақ Олимпиадаға әр жас санатынан үміткерлер болатынын білдіреді. Жас спортшылар тәжірибелі боксшылардан үйренсе, тәжірибелі спортшылар жастардың талпынысынан шабыт алады. Бұл команданың жалпы деңгейіне оң әсерін тигізеді.
Спортшылар мен жаттықтырушылардың ынтасы мен талпынысы өте жоғары. Біз маусымды жақсы қарқында бастап, 2025 жыл жемісті болады деп үміттенеміз," – деген Сайдалиннің сөзін Olympic.kz берді.