27.03.2025, 13:00

Жәнібек Әлімханұлы елімізде өтетін жекпе-жегінің алдында мәлімдеме жасады

Фото: sport12.kz

5 сәуірде Астанада Әлімханұлы чемпиондық атақтарын франциялық Анауэль Нгамиссенгеге (14-0, 9 КО) қарсы қорғайды.

Орта салмақтағы IBF және WBO белбеулерінің иегері, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) алдағы титулды жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

5 сәуірде Астанада Әлімханұлы чемпиондық атақтарын франциялық Анауэль Нгамиссенгеге (14-0, 9 КО) қарсы қорғайды.

"Біреу "5 сәуірде менен тиулдарымды тартып аламын" дейді. Бәріңіз білгеніңіз жөн, 5 сәуірде нокаут болады және оның құлағанынан жер сілкінеді", - деп жазды Әлімханұлы Х желісінде.