03.04.2025, 12:40

Футбол федерациясындағы жемқорлық: Барменқұловқа қатысты іс қозғалмаған

Фото: kff.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі ҚФФ бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Қазақстан футбол федерациясының экс-президенті Әділет Барменқұловтың қылмыстық істе күдікті деп танылмағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қаржылық мониторинг агенттігі ҚФФ бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Дегенмен Елемесов Барменқұловтың бұл істе күдікті деп танылмағанын мәлімдеді. 

“Барменқұловты біз күдікті деп танымадық, айып тағылған жоқ”, – деді Жеңіс Елемесов сенат кулуарында. 

Еске салайық, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған.