$ 514.94  583.74  6.13

27 жылдан кейінгі тарихи жеңіс! «Жайық» клубы чемпион атанды

Бұған дейін 1998 жылы “Жайық-Конденсат” командасы ел чемпионы атанған болатын.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Волейболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының XXXIII маусымы аясында ерлер арасындағы Ұлттық лиганың финалдық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
 
Финалдық кездесулер нәтижесінде “ЖАЙЫҚ” волейбол клубы шешуші ойында Ақтөбе командасын 3:1 есебімен жеңіп, Ұлттық лиганың чемпионы атанды!
 
Чемпиондық тұғыр:

  •  “ЖАЙЫҚ” ВК (Батыс Қазақстан облысы)
  •  “Ақтөбе” ВК (Ақтөбе облысы)
  •  “Атырау” ВК (Атырау облысы)

 
Араға 27 жыл салып, “ЖАЙЫҚ” өз тарихындағы чемпиондық атағын қайта жаңғыртты. Бұған дейін 1998 жылы “Жайық-Конденсат” командасы ел чемпионы атанған болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары