$ 523.2  594.3  6.38

Даниял Сапарбай әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Ол өзбекстандық боксшыға жол берді.

Фото: Sport Pluse
Фото: Sport Pluse

Бразилияда өтіп жатқан бокстан World Boxing аясында әлем кубогының бірінші кезеңінде Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық боксшы жартылай финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировқа 0:5 есебімен жол берді. Осылайша аталған турнирде қола жүлдені қанағат тұтты.

Енді 4 сәуірде жартылай финалда Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Жазира Орақбаева (51 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Диас Молжігітов (75 келі) пен Дәулет Төлемісов (85 келі) сайысқа түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары