$ 518.31  567.96  6.03

«Шаңырағымызда бір жұлдыз жанды»: Шавкат Рахмоновтың қарындасы ана атанды

Қызымыз өмірге келді! Аллаға шүкір!

Фото: instagram.com/orynbassarov_team/
Фото: instagram.com/orynbassarov_team/

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова ана атанды. Сүйінші жаңалықты оның күйеуі Instagram желісінде жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сора Рахмонованың күйеуі Нұрсұлтан Орынбасаров қызды болғанын хабарлады.

"Қуанышты бөліссең көбейеді демекші, осы бір жаңалығымды айтып, сіздердің ақ тілектеріңізбен бақытымды еселегім келді! Маған "әке", жарыма "ана" деген ең құрметті атақ беріп, шаңырағымызда бір жұлдыз жанды, қызымыз өмірге келді! Аллаға шүкір", - деп жазды ол.

Ол желіде жарының парақшасын белгілеп, оған рақметін айтты.

Сондай-ақ құттықтап жатқан барша ағайынға да алғыс білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары