5 сәуірде елордадағы "Барыс Аренада" өтетін бокс кешінің алдында бүгін салмақ өлшеу рәсімі өтті.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы титулдық жекпе-жегі алдында қарсыласы Анауэль Нгамиссенгемен салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
5 сәуірде елордадағы "Барыс Аренада" өтетін бокс кешінің алдында бүгін салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әлімханұлы мен Нгамиссеннің салмағы орта салмақтағы белгіленген лиметтен (72,6 кг дейін) аспады. Боксшылар салмақ өлшеуден кейін көз арбасты.
Сондай-ақ салмақ өлшеу, көз арбасу рәсіміне осы бокс кешінің андеркартында шаршы алаңға шығатын Батыр Жүкембаев, Сұлтан Заурбек, Балауса Мұздиман, ағайынды Махмұд, Төрехан Сабырхандар, өзбекстандық боксшылар Баходир Жалолов және Отабек Холматов қатысты.