$ 504.34  556.34  5.97

«Жолсерік қатты тексерді»: «Қайсар» футбол клубы ойыншыларының Ақтөбеге пойызбен бара жатқан видеосы тарады (ВИДЕО)

Қазақстан Премьер лигасының 4 тур аясында “Ақтөбе” футбол командасына қарсы өтетін ойынға қызылордалық команда пойызбен аттанған.

Фото: kazfootaball.kz
Фото: kazfootaball.kz

Футболдан Қызылорда облысының “Қайсар” командасы Қазақстан Премьер лигасының кезекті тур ойынына пойызбен бара жатқан видеосы кеңінен тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл видеоны “Қайсар” футбол клубы Instagram желісіндегі жеке парақшасына салды. Клубтың баспасөз қызметі футболшылардың билеттерін тексеріп жүрген жолсеріктің видеосымен бөлісті.

Әлеуметтік желідегі бейненің парақшасында команданың қарапайымдылығына оқырмандар ризалығын білдірді.  Видео астынан “Қарапайым Қызылордамның жігіттері”, “Қандай нәтиже көрсетсеңдерде қолдаймыз” деген фалловерлер комменттерін оқуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары