05.04.2025, 16:30

World Boxing: үш қазақ боксшысы финалға шықты

Фото: Бокс федерациясы

Нәтижесінде қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Бразилияда өтіп жатқан World Boxing аясында әлем кубогының бірінші кезеңінде ел құрамасынан үш боксшы финалға шықты, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы. Жартылай финалда Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі) үндістандық Маниш Ратуримен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында қазақстандық былғары қолғап шебері сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Тағы бір жекпе-жекте Дәулет Төлемісов (85 келі) франциялық Абдулла Траоримен шеберлік байқасты. Кездесу барысында ол қарсыласынан жоғары деңгейдегі қимылымен көзге түсті. Екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді. Жеңіс қазақстандық боксшыға бұйырды.

Финалға берілген тағы бір жолдамаға Жазира Орақбаева (51 келі) ие болды. Жартылай финалда ол Наталья Кузевсканы жеңді. Есеп - 3:2.

Ал Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) польшалық Юлия Шеремета, Диас Молжігітов (75 келі) өзбекстандық Жавохир Умматалиевке есе жіберді.

 

Тегтер: бокс спорт