Аталған сома ақылы трансляциялардан түскен кіріске байланысты әлі де артуы мүмкін.
Орта салмақта IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегінде қанша сыйақы алғаны жарияланды. Бұл туралы Skifnews.kz хабарлайды.
Sport Salaries порталының мәліметіне сүйенсек, Жәнібек бұл кездесуден 500 мың АҚШ доллары көлемінде гонорар алған.
Ал оның қарсыласы – француз боксшысы Анауэль Нгамиссенге 350 мың доллар көлемінде сыйақы төленген.
Аталған сома ақылы трансляциялардан түскен кіріске байланысты әлі де артуы мүмкін.
5 сәуір күні өткен жекпе-жекте Жәнібек қарсыласын бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой мансабындағы 17-ші жеңісіне қол жеткізіп, екі чемпиондық белбеуін де сәтті қорғап қалды.14:41