07.04.2025, 18:00

Ел құрамасы батуттық гимнастикадан Әлем кубогының жүлдегері атанды

Фото: olympic.kz

Қатарынан екінші рет үштікке ілінді.

Еліміздің батуттық гимнастикадан ерлер құрамасы Италияның Риччоне қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жүлдегерлер қатарына ілікті. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Қазақстандық спортшылар ерлер арасындағы синхронды секіруде сәтті өнер көрсетті. Отандастарымыз Роман Барков пен Ерлан Тасманамбетов қола жүлдеге ие болды. Олар жалпы саны 51,090 ұпай жинады. Ал Германиядан келген жұп 51,570 ұпай жинап, әлем кубогының жеңімпазы атанды. Күміс медальды Франция спортшылары (51,350 ұпай) қоржынға байлады.

Айта кетейік, бұған дейінгі Әлем кубогы кезеңінде де қазақстандықтар жүлде алған болатын. Данил Мусабаев пен Никита Тумаков синхронды секіруде күміс медальға ие болды