Енді қарымта ойындар 16 сәуір күні өтеді.
UEFA Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы ойынында испаниялық «Реал Мадрид» ойсырай жеңіліп қалды, деп хабарайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Корольдік клуб жарыстың аталған сатысында англиялық «Арсеналмен» кездесті. Лондон қаласында өткен матчта Килиан Мбаппе бастаған футболшылар жанкүйер көңілінен шыға алған жоқ. Бірінші кезеңде командалар тең есепке қанағат білдірді.
Екінші кезеңде англиялық клуб ойын тізгінін қолға алды. Ойынның 58-минутында Деклан Райс мергендік танытса, 70-минутта ол өзінің екінші голын соғып үлгерді.
«Арсенал» сапынан Михель Мерино 75-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Реал Мадрид» қарсыласына 0:3 есебімен еес жіберіп, жарысты жалғастыру мүмкіндігін қиындатып алды.
Сондай-ақ жартылай финалдағы тағы бір кездесуде германиялық «Бавария» өз алаңында италиялық «Интерге» 1:2 есебімен жол берді.
Енді қарымта ойындар 16 сәуір күні өтеді.