Ұйымдастырушылардың жазуынша, бұл тек футбол алаңындағы емес, екі команда жанкүйерлері арасындағы да нағыз айқас болмақ.
Астанада елордалық «Жеңіс» пен «Ақтөбе» командалары кездеседі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
13 сәуірде сағат 17:00-де «Астана Арена» стадионында Қазақстан Кубогының 1/8 финалында тарихы терең елордалық «Жеңіс» пен ел футболының астанасы атанған «Ақтөбе» командалары кездеседі.
Ұйымдастырушылардың жазуынша, бұл тек футбол алаңындағы емес, екі команда жанкүйерлері арасындағы да нағыз айқас болмақ. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымда.