Боксшылар жартылай орта салмақта 10 раунд жұдырықтасады деп жоспарланып отыр.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтың (15-0, 13 КО) кезекті жекпе-жегінің уақыты мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
BoxRec порталындағы ақпаратқа сәйкес, қазақстандық боксшы 19 мамыр күні Лос-Анджелес қаласындағы (АҚШ) «Commerce Casino» қонақ үйінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы мексикалық боксшы Элиас Эспадас (23-6, 16КО).
Боксшылар жартылай орта салмақта 10 раунд жұдырықтасады деп жоспарланып отыр.
Айта кетерлігі, кәсіпқой бокс кешін Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің «360 Promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр.