$ 523.2  594.3  6.38

Әлем чемпионы Аида Әбікееваға Қарағандыда көлік мінгізді

Боксшы қыз Сербияда 63 келі салмақта чемпион атанған.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Бокстан Сербияда өткен әлем чемпионатында топ жарған Аила Әбікееваға Қарағанды облыстық бокс федерациясы жеңіл көлік мінгізді, - деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қарағанды облысының бокс федерациясы атынан Камалутин Халиков әлем чемпионы Аида Әбікееваға тамаша сыйлық – жаңа автокөлік табыстады. Бұл – оның ерен еңбегі, жігері мен табандылығы үшін лайықты марапат. Аиданың бұл жетістігіне шын жүректен қуанып, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты танытып жүрген дарынды спортшымызбен мақтанамыз. Бұл жеңіс – үлкен жолдың бастауы ғана болсын, алдағы мақсат – Олимпиада алтыны болғай!", - деп жазылған хабарламада. 

Естеріңізде болса, наурыз айында Сербияның Ниш қаласында 63 келіде чемпион атанған болатын. Сондай-ақ, боксшы әлем чемпионы ретінде ІВА-дан 100 мың АҚШ долларын алды. Бұдан бөлек, еліміздің бокс федерациясы боксшыға 100 мың доллар сыйақы беретінін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары