$ 516.91  586.33  6.3

«Басқасы қызық емес»: Жәнібек Әлімханұлы доминикандық боксшыны жекпе-жекке шақырды

Жанкүйерлерге өз қалағанын берейік!

Фото: twitter.com/qazaqstyle
Фото: twitter.com/qazaqstyle

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Х желісінде келесі қарсыласының есімін атады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

Жәнібек Әлімханұлы үшінші атақты алуы қажет екенін айтты.

"Дәл қазір маған үшінші белбеуді әкелетін жекпе-жектен басқасы қызық емес", - деп жазды қазақстандық спортшы.

Осылайша ол орта салмақтағы WBC чемпиондық белбеуінің қазіргі иегері – доминикандық Карлос Адамесқа ұсыныс тастады.

"Карлос Адамес, мен менеджеріме тек сенімен жекпе-жекке шыққым келетінін айттым! Енді сенің кезегің. Командаңмен сөйлесіп, осы жекпе-жекті өткізейік - ешқандай сылтау, уақыт созу болмасын. Жанкүйерлерге өз қалағанын берейік!" - деп жазды Әлімханұлы.

Адамес бұл ұсынысқа әзірге жауап берген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары