18.04.2025, 21:30

Милад Карими Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Фото: желіден алынды

Алтынхан Темірбек күміс жүлдегер атанды.

Спорттық гимнастикадан Дохада (Катар) өткен әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшылар еркін жаттығудан керемет нәтиже көрсетті.

Еркін жаттығу бағдарламасында Милад Карими 14.466 ұпай жинады.

Дәл осы жаттығу түрінде Алтынхан Темірбек күміс жүлдегер атанды — оның нәтижесі 13.633 ұпай.

Финалда Қытай, Жапония, Түркия спортшылары да бақ сынады.

Үздік үштікті 13.600 ұпай жинаған Ұлыбритания өкілі Сэм Мостоуфи түйіндеді.

Айта кетейік, 18 сәуірде ат снарядындағы жаттығудың финалдық кезеңіне Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов қатысады.