19.04.2025, 23:30

«Ордабасы» биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңісіне жетті

Фото: желіден алынды

Шымкенттік клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының бесінші турындағы алғашқы үш ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Биыл жүлделі орынға қол жеткізуді қалайтын шымкенттік «Ордабасы» биылғы біріншілікті сәтсіз бастады. Алғашқы үш турда небәрі екі ұпай еншілеген команда соңғы орындардың бірін місе тұтты.

Сондықтан бүгінгі кездесу барысында олар жеңіске ежету жолын іздеді. Нәтижесінде Мораес Эвертон 45-минутта соққан голы «Ордабасыға» жеңіс алып келді.

Осылайша шымкенттік клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Сондай-ақ жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпеске» 0:1, «Атырау» петропавлдық «Қызылжарға» 1:2 есебімен есе жіберді.

Ал 20 cәуірде «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қайрат» (Алматы) ойнаса, «Тұран» (Түркістан) мен «Астана», «Жеңіс» (Астана) пен «Елімай» (Семей) шеберлік байқасады.