Өзбекстан мен Тәжікстаннан айтарлықтай қалып қойдық.
Қазақ футболшысы, қорғаушы, Ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген футболшы Самат Смақов еліміздегі футболдың жағдайын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Дәл қазіргі қарқынмен жүре беретін болсақ біз ешқашан алға жылжи алмаймыз. Жыл сайын кері кетіп жатырмыз. Қайдағы әлем чемпионаты, қайдағы ЕУРО ойындары?! Басшылық дұрыс тағайындау жасамаса ешқандай нәтиже болмайды. Қазірдің өзінде Өзбекстан мен Тәжікстаннан айтарлықтай қалып қойдық. Тіпті, Моңғолия мен Үндістан да бізді басып озады. Сондықтан ешқашан әлем чемпионатына шыға алмаймыз…», - деп ашынды футболшы.