20.04.2025, 22:30

Жібек Құламбаева алғаш рет W100 санатындағы турнирде жеңіске жетті

Фото: kff.kz

Теннисшіміз чемпиондық атақпен қатар 100 рейтингтік ұпайға ие болды. 

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева италиялық Николь Фосса Уэргомен жұптасып, бүгін Мадрид қаласындағы ITF W100 санатындағы турнирдің жұптық сайысында жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олар финалда испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны 2:1 есебімен жеңіп, табандылық пен жоғары деңгейдегі үйлесімді ойын өрнегін көрсетті.

Турнир барысында Жібек Құламбаева мен Фосса Уэрго бірде-бір матчта жеңілмей, сенімді түрде финалға дейін жетті.

Жартылай финалда Инес Иббоу мен Бибиана Схоофсты 2:0 есебімен ұтты. Ал ширек финалда Тена Лукас пен Андреа Пришакариуды да 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Бұл жеңіс Жібек Құламбаеваның мансабында айрықша маңызға ие және оның жұптық ойыншылар арасындағы әлемдік рейтингтегі орнын нығайта түсті.