21.04.2025, 02:30

Мөлдір Жаңбырбай каратэден Мысырдағы турнирдің чемпионы атанды

Фото: ҰОК

Бұған дейін ол Парижде қола, Ханчжоуда күміс алған еді.

Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Мысыр астанасы Каирдағы Премьер-лига турнирінде үздік шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Финалға дейін іркілмей жеткен Мөлдір 50 келіге дейінгі салмақта соңғы бәсекеде хорватиялық Эма Сгарделлиді тізе бүктірді. 

Осылайша, әлем чемпионы М.Жаңбырдай қатарынан үшінші Премьер-лига жарысында жүлде алды. Бұған дейін ол Парижде қола, Ханчжоуда күміс алған еді.

Сөйтіп М.Жаңбырбай Премьер-лига санатындағы рейтингіде көш басындағы орнын нығайта түсті.